Университеттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, осыдан бір апта бұрын оқу орнының студенттері тасқын судан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету туралы үндеу тастап, апат аймағына өздерінің алғашқы жүктерін жөнелткен болатын.
Талғат Мамырбаев бастаған студенттер активі гуманитарлық жүкті «Нұр Отанның» қалалық филиалына жеткізіп, партиялықтар өз кезегінде оны апат аймағына жөнелтті.