Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше тікелей желі арқылы Қазақстан халқымен тілдесу кезінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қысқы Азия ойындарына дайындық дағдарыспен тұспа-тұс келгенін жеткізген Нұрсұлтан Әбішұлы қиындыққа қарамастан оның өз деңгейінде өтетінін айтты. Бұл мәселеге орай Президент жыл басында Алматыға келген кезінде Үкіметке тапсырма берген болатын.
«Алматы қаласындағы трамплин кешені өз уақытында салынады. Сонымен қатар, бүкіл әлемге танымал «Медеу» мұз айдыны, Б.Шолақ атындағы спорт сарайы да уақытында қайта жөндеуден өтеді. Астанада Медеу мұз айдыны сияқты, төбесі жабық 30 мың орындық мұз сарайы салынатын болады», деді Елбасы.