Дағыстанда 40 адам қар көшкінінің тұтқынына айналды

АСТАНА. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат - Дағыстанның Ботлих ауданында ішінде адамдарға лық толы алты автомобильдің жолын қар көшкіні бітеп тастады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

Алдын ала ақпараттар бойынша, мәшинелерде 43 адам болған. Оқиға орнына Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Дағыстан бойынша Бас басқармасының бригадасы көмекке аттанып кетті.