деп хабарлайды «Вести» телеарнасы.
Оқиға жұма күні кешкі намаздан кейін, адамдар мешіттен шығып бара жаткен кезде орын алған. Дәл осы кезде мешіттің алдына бір автокөлік келіп тоқтап, оның ішінен автоматтан оқ жаудырылған. Шабуылдан кейін қарақшылар дереу іздерін жасырған.
Жараланғандар жедел ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
Қазіргі таңда ауданда арнайы операция жарияланды. Қылмыскерлер іздестірілуде. Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеуде.