ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақжайық аудандық сотының үкімімен А. дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін ҚР ҚК 416-бабы 4-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, оған 926 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, А. оған қоса 1 жыл мерзімге ішкі істер органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды. Аталған қызметкер сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырушы тұлға бола тұра, қылмыстық істі жүргізу барысында дәлелдемелерді бұрмалауға жол берген.
Сот талқысында сотталушы кінәсін мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісім талаптарымен келісетінін көрсетті.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).