Аустралиядағы шоу 2 желтоқсанда өтеді, сондықтан UFC матч ұйымдастырушылары Исмағұловқа басқа қарсылас іздеп жатыр.
Дамир 16 қарашадан бастап UFC жекпе-жек шебері саналады. Ол қысқа уақыт ішінде қарсыласын жоғалтып үлгерді. Мұндай жағдайлар аралас жекпе-жекте жиі болып тұрады. 27 жастағы Исмағұлов кәсіби мансабында 27 рет жеңіске жетті. Оның ішінде он шақтысын мерзімінен бұрын жеңсе, екі рет жеңіліп қалды.