«Алғашқы жартыжылдықта былтырғы жылдың ортасында алдағы 10 жылдыққа арналып, қабылданған қор қызметінің стратегиясы негізінде жұмыстар атқарылды. Бұл ретте айта кетерлігі қаржылық көрсеткіштер бойынша айтарлықтай алға жылжу бар. Алдын-ала мәліметтер бойынша жартыжылдықтағы таза пайда 5 миллиард теңгеден асады. Мемлекеттік сатып алу 417 миллион теңгені құрады. Бұның ішінде Қазақстандық қамту 89 пайыз» деді «Даму» КДҚ басқарма төрағасы.
Оның айтуынша қор жартыжылдықта барлық жоспарларын артығымен орындаған. «Өткен 6 айда негізгі бағдарламаның бірі «Даму -Аймақтар» бағдарламасы бойынша 3 траншпен 59,6 миллиард теңге несиелендіруге жіберілді. Жалпы алғанда «револьверлік» бағытпен несиелендіру көлемі 422 миллиард теңгені құрады, бұның ішінде әр келісімнің орташа сомасы 46 миллион теңгені құрады» дейді Б.Мұқышев.