Атап айтқанда, тігін цехында жұмыс істейтін 3-ші топ мүгедектері Күлзифа Кәрібаева, Елена Грессерова, Дурдана Сайыпназарова және Наталья Зезекалоға төрт жаңа «Brother» үлгісіндегі тігін машиналары сыйға табыс етілді. Бұл туралы «Даму» қорының баспасөз қызметінен хабарланды.
«Оңтүстік шаһардағы аталмыш Қоғамға қарасты тігін цехынде 20 - дан астам мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істейді. Негізгі кәсіп бойынша олар аймақтағы әскери бөлімдердің, ауруханалар мен өндіріс орындарының тапсырыстарын орындап келеді. Ал «Даму-Көмек» қоры тарапынан жасалған демеу зағип жандардың жұмысына ерекше құлшыныс беріп, олардың табыстарын арттыруға да сеп болатыны анық», - делінген баспасөз айғағында.