Аталмыш игі шара «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының «Даму-көмек» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Аталмыш бағдарламаның негізгі мақсаты - мүмкіндіктері шектеулі кәсіпкерлерге қолұшын беру.
«Әрбір мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер біздің сайтымызда өзінің ісіне қажет мұқтаждықтарды айтып, көмек сұрай алады. Кейін бұл сайтқа демеушілер кіріп, қолдау көрсету бойынша мүмкіндіктер қарастырады», - дейді «Даму» қорының Астана қаласындағы филиалының директоры Эльмира Хамзина.
Оның атап өткеніндей, үш жыл бұрын құрылған «Даму-көмек» қазіргі уақытқа дейін осындай 141 демеушілікке ұйытқы болған. Сайтқа 340-тан сұраным салынған.
Бүгінгі шара барысында Қазкоммерцбанк қаржысына 33 тігін машиналары сатып алынды.