300 миллион теңге аймақтағы жас кәсәпкерлердің стартап-жобаларын қаржыландыруға жұмсалады. Облыстық әкімдік бұған 100 млн теңге, ал «Даму» 200 млн теңге бөледі. Қаражат екінші деңгейлі банк арқылы бөлінеді, несиенің максималды сомасы - 15 млн. теңге. Сыйақы ставкасы - жылына 10 пайыз.
Сондай-ақ ауылды жерлердегі шағын және орта бизнесті қолдау үшін 600 млн теңгенің меморандумына қол қойылды. Облыстық әкімдік 200 млн теңге, «Даму» қоры 400 млн теңге бөледі. Несиенің максималды сомасы - 10 млн. теңге. Сыйақы ставкасы - жылына 10 пайыз.
«Даму» қорының қатысуымен сонымен бірге аймақтарға ауыл шаруашылығы өнімдерін жетікізіп отырған кәсіпкерлерді қолдау үшін үшжақты келісімге қол қойылды.