Дәнекерлеу жұмыстары кезінде пайдаланылған май өртенді, екі жұмыскер зардап шекті - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланылған май өртеніп, соның салдарынан екі жұмыскер зардап шекті,

деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

 Сәрсенбі, 27 маусым күні Жамбыл облысының Шығанақ кентінде №1 карьерде дәнекерлеу жұмыстарын өткізу кезінде пайдаланылған май өртене бастады.

 Соның салдарынан «Шығыс кен басқару» ЖШС-нің екі жұмыскері - бұрғы құрылғысының 1954 жылғы машинисі мен 63 жастағы дәнекерлеуші зардап шекті.

 Төтенше оқиға орнына «Шығанақ» медицина апаттары орталығы ММ-нің 3 адамы мен 1 техника бірлігі шықты.