Оның кандидатурасын жақында болған отырыста директорлар кеңесі (ДК) бекітті. Кеше акционерлердің кезектен тыс жалпы отырысында ДК төрағасы Ләззат Қиыновтың уәкілдігі мезгілінен бұрын тоқтатылған болатын.
Д. Берлібаев 1968 жылы туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ді бітірген. Әр түрлі уақыттарда «ҚазТрансГаз» ЖАҚ бірінші вице-президенті, «Мұнай және газ транспорты» ЖАҚ бас директорының бірінші орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ басқарушы директоры, «Қазмортрансфлот» ҰТКК» АҚ бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК» вице-президенті, «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры және т.б. қызметтерді атқарған.