Дархан Аманұлы 1972 жылы 10 қазанда туған, білімі жоғары. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Ұлттық Жоғары Мемлекеттік басқару мектебін бітірген.
Мамандығы бойынша тарихшы-оқытушы, мемлекеттік басқарудың менеджері. Саясаттану ғылымдарының докторы. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және мерекелік медальдармен марапатталған.
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарушы директоры болып қызметтерін атқарған.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болған.
2018 жылы 4 сәуірінен 2019 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі қызметін атқарды.
Соңғы тағайындалуға шейін ҚР Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы болды.