Мамандандырылған мектептер мен инновациялық типтегі оқу мекемелерінің педагогтары балаларды орта сыныптардан бастап республикалық олимпиадаларға дайындаудың өзекті мәселелерін талқылады және жаңа оқу жылына ұсыныс-кеңестер қабылдады.
Кездесуде сондай-ақ, Қазақстан мен Ресейдің жаттықтырушы-ғалымдарын шақыра отырып оқу семинарларын өткізу және облыстың жетекші педагогтарының шеберлік сабақтарын өткізу туралы шешім қабылданды.