Биыл оныншы жыл салтанат құратын «Астана-Арқау» фестивалінде алыс-жақын түрік халықтарының және қазақ музыкасының айтулы шеберлері өнер көрсетеді. Солардың қатарында атақты музыкант - дәстүрлі тувалық көмей саздың майталманы Николай Ооржак фестивальдің арнайы қонағы болмақ.
«Николай - Тува Республикасының тұқым қуалаған шаманы. 25 жылдан астам уақыт бойы ол бүкіл әлем бойынша сабақтар мен салт жораларды өткізумен келеді, «Ун-Хун», «Күн дыбысы» жүйелерінің, өзін өзі дамыту мен ұзақ ғұмыр жасаудың рухани-сауықтыру әдістемесінің авторы», - дейді ұйымдастырушылар .
Концерттің басталуы сағат 19.00-де. Билетті театрдың сайтынан сатып алуға болады.