Дауылға байланысты Алматының бас ботаникалық бағы 10 сәуірге дейін жабылды.
- Қазіргі уақытта ағаштар құлап, бұтақтары сынғандықтан ботаникалық бақтың айналасында жүру қиынға соғып тұр. Сондықтан қауіпті ағаштардың құлау мүмкіндігін болдырмау үшін қоғамдық аумақты тазарту, сондай-ақ ағаштардың жағдайын тексеру қажет. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - деп хабарлады бақтың баспасөз қызметі.
Еске салайық, Алматыда күн күркіреп, найзағай ойнап, нөсер жауды.
Одан кейін Алматыдағы дауыл салдары туралы жазғанбыз.