Форум аясында Абаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының іске асуымен бөлісті. Сондай-ақ шара барысында министр шетелдік әріптестермен кездесіп, үкіметтік деңгейде сандық технологияларды дамыту және қауіп-қатерлерден сақтану жолдарын талқылады.
Айта кеткен жөн, форум үкіметтік органдар, корпорациялар мен жоғары технологиялар өндіруші компаниялардың өзара іс-қимылын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған.
Шара аясында сандық технологиялардың көрмесі өтеді.