Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде 37 градусқа дейін ыстық болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдағы күндері, Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің қалған бөлігінде ұзақ уақыт бойы ауа-райын, оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер анықтайды. Мұнда жаңбырлы ауа райы болжанады. Найзағай, екпінді желмен қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Республиканың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, қатты жел болуы мүмкін.

Температуралық фон ерекше өзгерістерге ұшырамайды. Күндіз батыста 30 37°С, оңтүстік-батыста 27 37°С, солтүстік-батыста 27 35°С, солтүстікте, шығыста 22 30°С, орталықта 20 28°С, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, елдің шығысында 30 35°С, ал таулы аймақтарда 25°С шамасында ыстық болжанады.