Денсаулық министрлігі дәмханалар есігіне санитарлық тексеріс қорытындысы туралы қағаз жапсырмақ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда дәмханалардың есігіне санитарлық тексерістен өткендігі туралы қағаз жабыстырылатын болады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра». Халық мақалдарындағасырлық даналық жатыр. Мұны не үшін айтып отырмын. Қазіргі уақытта ҚРДенсаулық сақтау министрлігінде әлемнің жетекші университеттерінде білім алғанжас, энергияға толы әрі талантты команда жасақталған. Бұл, YelzhanBirtanov-тыңкөшбасшылығының арқасы. Мұндай амал-тәсіл күнделікті жұмысымызға көмегінтигізуде. Және осы жерге аталған мақала дөп келіп тұр. Оның жарқын мысалы Ainur Aiypkhanova. Ол жақында АҚШ-тың қоғамдық тамақтану орнынан фотосуретті көрсетті. Онда санитарлықталаптардың сақталуына құзырлы орган тексерісінің қорытындысы тура кіреберісесікке ілініп, келушілер берілген бағаны және арыз-шағым үшін барлық байланыстүрлерін көре алады. Біз бұл идеяны министрге ұсындық. Ол қолдау білдірді. Міне,бүгінде оны елімізде жүзеге асыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз», - деп жаздывице-министр Facebook-те.

О.Әбішевтің мәліметінше, жобаны іскеасыру үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Цифрландыру кеңсесінің командасыарнайы сайт әзірлейтін болады. Онда мобильдік қосымша арқылы жапсырмақағаздардың түпнұсқалығын тексеруге және арыз-шағым қалдыруға болады.

«Алдымызға екі апта мерзімін қойыпотырмыз. Есепті бастадық!», - деді ол.




Соңғы жаңалықтар