Дәл осы мәселеге орай ҚР Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме беріп, ақпараттың жалған екендігін айтып отыр.
«Құрметті азаматтар әлеуметтік желіде тараған сенімсіз ақпараттарға бой алдырмай, тек ресми дереккөзге сенуге шақырамыз. Барлық сенімді ақпараттарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан және әлеуметтік парақшаларынан ала аласыздар», - деді ведомстводан.
Сонымен қатар министрлік қасақана жалған ақпарат таратқандардың ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Денсаулық сақтау министрі қызметіне Алексей Цой тағайындалған еді.