Бұл туралы бүгін Сенат депутаттарын «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасымен таныстыру барысында Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, 2012 жылы бұл қаржының 439 миллиарды жұмсалады. Сондай-ақ жалпы бөлінген соманың 440 миллиарды
2013 жылы, 430 миллиард теңгесі 2014 жылы пайдаланылады. «Ал «Саламатты Қазақстан» бағдарламасына 2012-2014 жылдары 232 миллиард теңге қарастырылған. Оның 83,7 миллиард теңгесі 2012 жылы жұмсалады»,-деді министр.