Есеп комитетінің бағалауынша, тұтастай алғанда мемлекеттік бағдарлама халықтың өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы, ана мен нәресте өлім-жітімінің және жалпы өлім-жітімнің, туберкулезбен сырқаттанушылықтың төмендеуі, АИТВ-инфекциясының таралуын ұстау секілді сегіз нысаналы инидикаторға қол жеткізген. Алайда, соған денсаулық сақтау жүйесінде бірқатар проблемалық мәселелер сақталып отыр.
«Атап айтқанда, ұлттық скринингтік бағдарламаны іске асыру тиімділігінің төмендігі байқалады. Мәселен, профилактикалық іс-шараларды жүргізу нәтижесінде аурулардың анықталуы ересек халықтың арасында - 3,4%-ды, балалар арасында 16,4%-ды құрайды. Медицина кадрларының тапшылығы, әсіресе ауылдық жерлердегі тапшылығы, медицина қызметкерлері санының теңсіздігі, орта және жоғары медициналық білімі бар қызметкерлердің біліктілік деңгейінің жеткіліксіздігі өзекті проблема болып қалуда. 2015 жылы медицина жоғары оқу орындарында оқыту үшін 42 түлекке 144,5 млн. теңге бюджет қаражаты жұмсалғанымен, олар ауылдық елді мекендерде денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтеуді қамтамасыз етпеген», - делінген баспасөз баянында.
Жалпы алғанда, Есеп комитеті анықтаған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы аудиторлық іс-шара барысында толығымен өтелген және қалпына келтірілген 12,7 млрд. теңгені құрап отыр. Оның ішінде тиімсіз пайдаланылған республикалық бюджет қаражаты - 34,6 млрд. теңгені, бюджет және өзге заңнаманың рәсімдік бұзушылықтары - 18,4 млрд. теңгені құрады.