Дик Адвокат Ресей құрамасының жаттықтырушысы болады

АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат - Питерлік «Зениттің» бұрынғы тәлімгері Дик Адвокат Ресей құрамасының жаттықтырушысы болады. Бұл туралы Ресейдің Фубол одағының басшысы Сергей Фурсенко мәлім етті,

деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.

«Ресей құрамасының бас жаттықтырушысы болып Дик Адвокат тағайындалады», - деп хабарлады ол.

Голландиялық маманның Ресей құрамасына жетекшілік ететіні туралы әңгіме осыдан бірнеше ай бұрын пайда болған еді. Сәуір айында Адковат Бельгия құрамасымен арадағы келісімшартын бұзды.

Адвокаттың айтуынша, Ресей құрамасын таңдауына ресейлік ойыншылардың жоғары деңгейі мен Федерация ұсынған жалақының үлкендігі негіз болғанын айтып отыр.