Димаш Құдайберген Исландияда қалай клип түсіріп жатқанын көрсетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген режиссер Алан Бадоевпен Исландияда қалай клип түсіріп жатқанын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Исландиядағывидео кадрлары. Команданың барлық мүшесі малмандай су болды. Бірақ бұл оғантұралық. Режиссер Алан Бадоевке кәсібилігі үшін ризашылығымды білдіргім келеді.Шынымен де ол видеоны нағыз суретшідейтүсіретін режиссер», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Қазақ әншісініңсарқырама жанында ән айтып тұрған сәті бейнеленген видеодан туристердің де онытелефондарына жапатармағай түсіріп жатқанын байқауға болады.

Айтакетерлігі, Димаштың жариялаған видеосына ресейлік композитор Игорь Крутой пікірқалдырған.

«ЖарайсыңДимаш, жарайсың Алан!», - деп жазды композитор.

Алан Бадоевукраиналық кинорежиссер, клипмейкер әрі продюссер. Шетелдік әртістермен жиі жұмыс істейді. Бұған дейін ДимашҚұдайберген таяу арада «Know» әніне клип түсіретіндігін жария еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар