Айта кетерлігі, 19 қарашада Димаш Құдайберген Қазақстанның Ұлыбританиядағы мәдениет күндері барысында жеке концерт қояды. Онда Димаш әндерінің 60 пайызын қазақша шырқайтыны жария етілген болатын.
«Лондондағы аталмыщ концерт залында 2 мың орын бар. Одан бөлек, фан-аумақ бар. Жалпы, 4 600 орын болады. Барлық билеттер сатылып кетті», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш Құдайбергенмен кездесу барысында.
Сондай-ақ, Димаштың жеке концертіне ақтөбелік оқушы қыз қатысатын болды.