Діндер басшылары «Ақмола отанын сатқандардың әйелдері лагерінің» (АЛЖИР) тарихымен танысты, Санкт-Петербор, Мәскеу, Орынбор, Омбы, Ташкент, Алматы, Орал қалаларындағы зерттеу жұмыстары барысында жиналған қуғын-сүргінге ұшырағандардың жеке заттары, фотоқұжаттар қойылған көрмеде болды, онда «АЛЖИР», КАРЛАГ» лагерлеріндегі тұтқын әйелдердің тағдырлары бейнеленген. Съезд делегаттары әйелдердің мұнда қандай жағдайда болғанын, немен айналысқанын көріп-білді.
Шетелдік қонақтар мұнда алғаш рет болып отыр. Көпшілігі әйелдерді қатыгездікпен ұстаған режимді айыптады, басқалары олардың ерлігі мен төзімділігіне, ерік-жігеріне қайран қалды. Экскурсияның маңызды бөлігі Ескерткіш қабырғаға гүл шоқтарын қою болды. Діндер көшбасшылары әрқайсысы өз тілдерінде 30-жылдардағы аштық пен мен қуғын-сүргін құрбандарына дұға бағыштады.