Оған облыс қалалары мен аудандарының әдіскерлері, дінтану оқытушылары, ақпараттық-насихаттық топтардың жетекшілері қатысты. Олар тәжірибеде балалар мен жастар арасында пәрменді алдын-алуды жүргізіп, олардың бойларында қатыгездік пен экстремизмге төзбеушілікті тәрбиелеп, жасөспірімдерді қоғамдық жұмысқа тартуға көмектесетін әдістемелік материалдар алды.
Семинарда Павлодар мектептері дінтану мұғалімдерінің үздік жұмыс тәжірибелері таныстырылды. Қатысушылар алдында Павлодар облысының діни істер бойынша департаментінің директоры Дәулет Зәкариянов пен «Адал» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Иван Рандюк сөз сөйледі.