ОРАЛ. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Бөкей ордасы ауданына 2012 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасына сәйкес 35 маман келді.
Аудан әкімдігінен хабарлағанындай, бұл мақсатқа бюджеттен 50611,0 мың теңге қаралған болатын. 17 жас маман (2011 жылы - 14) жеңілдетілген несие арқылы 39751,0 мың теңгеге (2011 жылы - 31752,0 мың теңге) үй сатып алды. Сонымен қатар 35 маманға 113260 теңгеден (2011 жылы - 105840 теңге) 4013,7 мың теңге (2011 жылы - 3598,5 мың теңге) бір жолдық көтермеақы төленді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).