ОРАЛ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Дипломмен - ауылға» жобасы бойынша жасалып жатқан жеңілдіктер қалада орналастырылатын жас мамандарға да жасалуы керек.
Оралдағы №3 қалалық емхана директоры Қашура Әжіғұлованың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, қалада да білікті мамандар жетіспейді. Айталық, облысқа үш жүздей дәрігер керек болса, бұл - қалаға да ортақ мәселе.
Өткен жылы медицина саласында облысқа 20 жас маман келсе, биыл оның қатары 34-ке жетіп, соның 21-і ауылға жіберілді. Оларға «Дипломмен - ауылға» жобасы бойынша жеңілдіктер жасалды.
Жалпы, биыл денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы 18 млрд. теңгеден асты, бұл - облыс бюджетінің 20 пайызы.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).