sp;ОРАЛ. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы бастамасымен қолға алынған «Дипломмен - ауылға» жобасы жастар белсенділігін арттыра түсті. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасында өткізілген дөңгелек үстел отырысында айтылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменнің атап өткеніндей, әсіресе, ауылдарда білімді жастар көбейіп келеді. «Жол картасы» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылып жатқан жастар аз емес. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім бастығы Райса Еркеғалиеваның сөзіне қарағанда, осы мақсатқа қаралған қаржы игеріліп отыр. Ауылдарға дәрігерлер мен мұғалімдер, мәдениет және әлеуметтік сала мамандары орналасуда. Оларға көтермеақымен қатар үй алу үшін жеңілдетілген несие де беріледі.
Басқосу соңында С.Сүлеймен мен «БҚО ауыл жастары одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Евгений Глотов ауылда жастар саясатын қолдау және өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).