Walt Disney Sora видео жасау платформасымен контентті лицензиялау бойынша алғашқы ірі серіктеске айналады. Сонымен қатар OpenAI платформасы пайдаланушылары жасаған бейнелердің арнайы топтамасы Disney сервисінде көрсетілмек.
— Технологиялық инновациялар көңіл көтеру индустриясын үнемі өзгертіп, керемет оқиғаларды жасау мен таратудың жаңа тәсілдерін ашады. OpenAI-мен серіктестік арқылы біз генеративті жасанды интеллект көмегімен осы мүмкіндіктерді ойлы әрі жауапты түрде кеңейтеміз, сондай-ақ авторлар мен олардың еңбектерін құрметтеп, қорғаймыз, — деді The Walt Disney Company бас директоры Роберт А. Айгер.
Бұған дейін Walt Disney өз кейіпкерлерін ИИ-платформалар пайдаланғаны үшін сотқа жүгінген болатын.
Айта кетейік, Disney компаниясының кезекті фильмі қазақ тілінде сөйлейді.