Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 18 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 146,79 теңгені, ал сауда көлемі 142 710 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,06 теңгеге арзандап, сессия көлемі 24 450 мың долларға өсті.
Т 0 есебімен еуроның орташа бағамы 196,00 теңгені, ал сауда көлемі 5 000 мың еуроны құрады.
Ал Т 0 доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ.