Бұл оқиғаға байланысты Еуропарламенттің төрағасы Мартин Шульц: «Туск соңғы жеті жыл ішінде Польшаның парламентін бұрынғыдан да қуатты ете түсті. Польша экономикасы ЕО-ның басқа елдері тығырыққа тірелген кездерде де өсімін тоқтатқан жоқ», - деп атап өтті.
Сондай-ақ, М.Шульц жаңа төрағаның еуропадағы жұмыссыздық мәселесін оңтайлы шешетініне, еуропаның экономикалық өсімін қамтамасыз ететініне сенім білдірді.