деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жүздесуге саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысып, су, жылу, электр қуатының төлемдерін бір жүйеге келтіру, аз қамтылған отбасылар мен зейнеткерлердің коммуналдық төлемдерінде жеңілдіктер қарастыру жайын тілге тиек етті. Бұл ретте электр қуатына төлемді күн мезгіліне қарай есептеу, жылуға төлем есептегіш жабдықтарының көрсетуіне орай өтеу ұсынылып отыр. 2009-2012 жылдары Көкшетау қаласында жылу әр шаршы метрге есептегіш жабдықтары жоқтарға 92 теңгеден, ал «қуатүнемдеу» қондырғысына сәйкес әр шаршы метріне 72 теңгеден белгіленбек. Су жөнінде тиісті есептеу жабдығымен тұтынушылар толықтай қамтамасыз етілген. Ал заңды тұлға тұтынушылары бес топқа бөлініп, олардың суды пайдалану мақсаттары ескерілмек. Тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған тобына коммуналдық жеңілдіктер қарастырылған. Олардың қатарына көп балалы отбасылар, жекебасты зейнеткерлер, мүгедектер, Чернобыль апатына қатысқандар, ауған соғысы ардагерлері жатқызылып отыр.