Доңыз тұмауынан 4 мыңдай американдық көз жұмды

АСТАНА.  Қарашаның  13-і. ҚазАқпарат -  Ресми   мәліметтер  бойынша,    ағымдағы жылдың сәуір-қазан  айларының аралығында жаңа  тұмау  вирусы  АҚШ-та   3900-ға жуық  адамды    өлтірді,    олардың     ішінде  540 бала бар.

Бұл туралы ВВС телекомпаниясының  Орыс  қызметі  хабарлап   отыр.   Соңғы мәліметтер   бұған дейінгі мәліметтерден  нақтырақ,    бұған   дейінгі ақпарат бойынша   доңыз тұмауынан  көз жұмғандардың саны 675-тен  аспаған    болатын.

Кәдімгі  тұмау  мен  басқа   да  суық тию  ауруларынан 98 мыңдай американдық    ауруханаға   түсіп     отыр.