Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Туризм және спорт министрлігінің спорттың олимпиадалық түрлері басқармасының бастығы Айнажамал Мырзаева хабарлады.
Канаданың Ванкувер қаласында өтетін ХХІ қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстанның атынан 37 спортшы қатысады, олардың барлығы допинг-тексеруден сәтті өтті, деп хабарлады басқармадан.
«Қазір бізде 37 спортшы бар, 38-ші спортшы да (конькимен жүргізуден - агенттіктің түсіндірмесі) қатысып қалуы мүмкін. Қазір осы мәселе шешіліп жатыр», деді Мырзаева ханым.
Қазақстан құрамасы олимпиадалық бағдарламадағы 15 спорттың сегіз түрі бойынша өнер көрсетеді, олар: биатлон, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен жүгіру, шаңғымен трамплиннен секіру, тау шаңғысы, фристайл сияқты спорт түрлері.