ОРАЛ. KAZINFORM – Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» «Жастар» стадионында «Никельщик» (Верхний Уфалей) командасын қабылдады.
Осыған дейін екінші топта Николай Шавалдин баптайтын оралдық клуб 30 ұпаймен көш бастаса, «Никельщик» (28 ұпай) екінші сатыда еді.
Бірақ қонақтар екі ойын кем өткізген болатын.
Бұл жолы «Ақжайық» сапында қос Максим – команда капитаны Өтебалиев пен ресейлік сұрмерген Пахомов үш-үштен гол соқты.
Қорытынды есеп – 6:1, «Ақжайықтың» пайдасында.
Ертең қос клуб екінші кездесуін өткізеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» тартысты матчта қарсыласына есе жібергенін жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).