ОРАЛ. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасының кезекті турында өз айдынында Екатеринбургтің «СКА-Свердловск» командасын қабылдаған Оралдың «Ақжайығы» 23 қаңтар күнгі екінші ойында да 5:2 есебімен тізе бүктірді.
Бұл жолы оралдықтар сапында Самат Аманшин мен Сұлтан Қадыржанов қос-қостан доп соқса, Дмитрий Пономаренко және бір голдың авторы атанды. Меймандардан Дмитрий Полынский мен Евгений Мехоношин айдын иелерінің қақпасын дәл көздеді.
Осы турдан кейін 35 ұпай жинап, екінші топта үшінші орында келе жатқан «Ақжайық» келесі ойындарын сырт айдында 30-31 қаңтарда «Динамо-Қазан» командасымен өткізеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).