ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында Саратовтың «Универсалын» қабылдап, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Бұл ойында оралдықтардан Еламан Әліпқалиев хет-триктің авторы атанса, команда капитаны Ескендір Нұғманов қарсыластар қақпасына қос голды енгізді.
Ертең аталған командалар екінші матчын өткізеді.
Осы кездесуден кейін 25 ұпай жинаған «Ақжайық» өз тобында екінші орынға көтерілді. Айта кетейік, екінші топта 28 ұпаймен «Никельщик» (Верхний Уфалей) клубы көш бастап келеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).