Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Қазақстан құрамасы ресейліктерден 1:9 есебімен ойсырай ұтылды (қазақстандықтардан голдың авторы - Сергей Почкунов). Шведтер дәл осындай есеппен фин құрамасын тізе бүктірді. Қазақстандықтарды команда капитаны, Орал допты хоккейінің түлегі, қазіргі кезде Новосібірдің «Сибсельмашында» өнер көрсететін Рауан Исалиев айдынға бастап шықты.
Бүгін Швеция - Қазақстан, Ресей - Финляндия құрамалары өзара күш сынасады. Айта кетейік, дүниежүзілік додада жүлдеге таласатындар да - осы төрт команда. Соның ішінде Ресей мен Швеция алтын медальдан дәмелі болса, Қазақстан мен Финляндия қола жүлдеге қол созып келеді.
12:05, 02 Ақпан 2016
Допты хоккей: әлем чемпионатында қазақстандықтар ресейліктерден ұтылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Ульяновск қаласында басталған допты хоккейден кезекті әлем чемпионатында күштілердің «А» тобында күтпеген нәтиже тіркеле қойған жоқ.