ОРАЛ. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше, 18 желтоқсан күні допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасы екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында «Знамя-Удмуртия» (Воткинск) командасын қабылдады.
Бұл ойын айдын иелері үшін оңайға түскен жоқ. Бірінші таймның 24-минутында қонақтардан Андрей Смирнов «Ақжайық» қақпасының кілтін тапса, 60-минутта Марат Юмангулов, 75-минутта Михаил Нижник есепті 3:0-ге жеткізді. Дегенмен оралдықтар өз айдынында ұтылып қалмау үшін барын салды. 78-минутта Нұрлан Оразғалиев мергендік танытса, арада екі минут өткенде тағы бір қазақ ойыншысы Самат Аманшин есепті қысқартты. 87-минутта Нұрлан Оразғалиев тағы да қонақтардың қақпасынан саңылау тауып, есепті 3:3-ке жеткізді. Сәлден кейін тартысты өткен ойын да аяқталды.
Бүгін, 19 желтоқсан күні аталған командалар екінші кездесуін өткізеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).