ОРАЛ. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - 16 қазан күні допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасы екінші тобында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында «Динамо-Қазан-2» (Қазан) командасымен екінші кездесуін өткізді.
Кешегі матч 5:0 есебімен айдын иелерінің пайдасына шешілген болатын. Бұл жолы аса тартысты өткен ойында оралдықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. 23-минутта тәжірибелі ойыншы Николай Шавалдин есеп ашса, 35-минутта қонақтардан Анатолий Моисеев таразы басын теңестірді. Дегенмен екінші таймда 62-минутта Петр Грибанов батысқазақстандықтар үшін жеңіс добын соқты.
Сөйтіп осы турдан кейін 10 ұпай жинаған «Ақжайық» өз тобында екінші сатыға көтерілді.
Енді 18-19 желтоқсанда оралдықтар өз айдынында «Знамя-Удмуртия» (Воткинск) командасын қабылдайды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).