ОРАЛ. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасының екінші тобында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» 8 қаңтар күні өз айдынында Саратовтың «Универсалымен» күш сынасты.
Аса тартысты өткен ойында оралдықтар 4:3 есебімен жеңіске жетті. Алдымен 34-минутта оралдықтардан Павел Чебаков есеп ашса, 51-минутта Петр Грибанов 2:0-ге жеткізді. Сонымен қатар Алексей Шавалдин мергендігімен көзге түссе, 89-минутта Дмитрий Пономаренко жеңіс добын соқты. «Универсалдан» Андрей Кабанов хет-триктің авторы атанды.
Ертең қос команда екінші кездесуін өткізеді. «Универсал» - осы топта екінші орында келе жатқан команда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).