ОРАЛ. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - 22 желтоқсан күні допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лига командалары арасындағы кезекті турда
Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында Орынбордың «Локомотивін» қабылдады.
«Локомотив» - екінші топта жекедара көш бастап келе жатқан үздік команда. Олар мықтылығын бұл ойында да мойындатты. Қонақтар (Денис Нохрин) 3-минутта-ақ есеп ашса, 27-минутта Владимир Глушак 2:0-ге жеткізді. «Ақжайықтан» Дмитрий Кармак 44-минутта есепті қысқартқанымен, екінші таймда «Локомотивтен» Дмитрий Артоменко (77-минут) мен Николай Семяшкин (89-минут) мергендік танытты. Сөйтіп 4:1 есебімен орынборлықтар үш ұпайды олжалады.
Командалардың қарымта кездесуі 23 желтоқсанда өтеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).