ОРАЛ. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - 12 қаңтар күні допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасы екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» Самара облысының «Динамосымен» кезекті кездесуін өткізді.
Белгілі бапкер-хоккейші Александр Ионкин бастаған мамандар жаттықтыратын оралдықтар бұл ойында 5:2 есебімен жеңіске жетті.
Бұл ойыннан кейін 20 ұпай жинаған «Ақжайық» турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. Бүгін аталған командалар қарымта кездесуін өткізеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).