ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» «Жоғары лига» бүкілресейлік жарысының екінші тобында кеше кезекті ойынын Краснотурьинскіде жергілікті «Маякпен» өткізді.
Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, тартысты өткен кездесу 4:3 есебімен айдын иелерінің пайдасына аяқталды. «Ақжайық» сапынан Максим Пьянов, Максим Өтебалиев және команда капитаны Ескендір Нұғманов доп соғып, көзге түсті.
Айта кетейік, жергілікті төрешілер қазылық еткен матчта «Маяктың» айып уақыты 10-ақ минутпен шектелсе, «Ақжайықтың» ойыншылары түрлі себеппен барлығы 50 минутқа айдыннан қуылды.
Аталған командалар бүгін екінші кездесуін өткізеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).