Допты хоккейден Қазақстан құрамасы норвегтерді ойсырата жеңді

АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат - Мәскеуде допты хоккейден әлем чемпионатында А тобында екінші турдың алғашқы ойыны аяқталды: бұл матчта Қазақстан мен Норвегия құрамалары кездесті,

деп хабарлайды sportcom.ru. порталы.

Қазақстан құрамасы қарсыластарын 12:3 (4:1) есебімен ойсырата жеңді. Голды: Қазақстан тарапынан: В.Бронников (14, 67, 77, 85 минуттарда), А.Мороков (27, 49, 73 минуттарда), Л.Бедарев (29, 87 минуттарда), Р.Исалиев (32 минутта), А.Дрягин (62 минутта), А.Золотарев (63 минутта) соққа; Норвегия тарапынан - М.Аустад (22 минутта), К.Йохансен (48 минутта), Ф.Леланд (74 минутта) соқты.

Енді Қазақстан құрамасы 2 матчтан кейін 2 ұпайға ие, ал норвегиялықтардың әлі ұпайлары жоқ.