ОРАЛ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Допты хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ақпанның 6-8-інде Ресейдің Киров қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық құрама оралдық жас хоккейшілерден жасақталып отыр. Бапкері ? Александр Рожков. Қазақстандықтар алғашқы кездесуін Ресей құрамасымен өткізеді. Әлемдік додада сондай-ақ Швеция, Финляндия, Норвегия командалары күш сынасады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).