ОРАЛ. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасы бірінші тобында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» кезекті кездесулерін қаңтардың 11-12-сінде Мончегорск қаласында жергілікті «Кольская ГМК» командасымен өткізеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бірінші топта «Кольская ГМК» командасы он ойыннан кейін 30 ұпай жинап, жекедара топ бастап келеді. Ол әлі бірде-бір ұпай жоғалтқан жоқ. Ал екінші орындағы «Ақжайықтың» сегіз ойыннан кейін 16 ұпайы бар. Биыл да бірінші лига командалары арасында финалдық сайыстарға жолдама алуды мақсат етіп отырған екі команда да барын салары анық.
Бұдан кейін оралдықтар қаңтардың 16-17-сінде Нерехтада «Стартпен», 20-21-інде Королевте «Вымпелмен» күш сынасады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).