ОРАЛ. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше, 15 желтоқсан күні допты хоккейден Ресей жоғары лигасының екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» өз айдынындағы алғашқы кездесуін өткізді.
Оралдықтар көш бастаушылардың бірі «Динамо-Қазан-2» командасын қабылдап, 5:0 есебімен ұтты. Қазіргі кезде «Ақжайық» жеті ұпаймен өз тобында үшінші орында келеді. Команданың аға бапкері Сәкен Нұғмановтың айтуынша, биылғы маусымдағы міндет - осы үшінші орыннан көрініп, финалдық бәсекелерге жолдама алу.
Бүгін аталған командалар екінші кездесуін өткізеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).